Цена закреплена в договоре
Астана қаласы, 70 лет Октября көшесі, 8/1

Балабақшамызда жоғары білімді, көпжылдық тәжірибесі бар және бала жанын түсінетін білікті тәрбиешілер, логопедтер мен психологтар жұмыс істейді.

Ғимарат іші мен сырты 24/7 бейнебақылаумен қамтылған. Арнайы күзет қызметі жұмыс істейді және кіру-шығу жүйесі қатаң бақыланады.

Балалардың денсаулығы мен өсуіне қажетті дәрумендерге бай, жаңа әрі табиғи өнімдерден дайындалған маусымдық ас мәзірі ұсынылады.

Кең әрі жарық топ бөлмелері, заманауи ойыншықтар, экологиялық таза жиһаздар және әр жас ерекшелігіне сай жабдықталған қауіпсіз аула алаңдары.

Мемлекеттік бағдарламадан бөлек, баланың логикасын, тілін және ұсақ моторикасын дамытатын заманауи әдістемелер (Монтессори, STEM элементтері) қолданылады.
Бала қызығушылығына байланысты үйірмелер ұйымдастырылған.

Текст

Текст

Текст

Текст
оқу-тәрбие жұмысы Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес жүргізіледі. Біз баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оқытуды қызықты ойын арқылы ұйымдастырамыз.


Физикалық дамыту физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды қарастырады.
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды, өмірде әртүрлі жағдайлардағы қарым-қатынас дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту тәрбиеленушілердің қоршаған әлеммен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгертуді қарастырады.
Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, ғылыми-зерттеу іс-әрекетін дамыту өнер туындыларын қабылдау мен түсіну дағдыларын қалыптастыру
Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастырудың мақсаты тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше балаларды оң әлеуметтендіру.
Балабақшамызда бүлдіршіндердің қатысуымен «Алтын күз» мерекелік іс-шарасы өтті. Балалар ән айтып, күз мезгіліне арналған қызықты қойылымдар көрсетті.
Балабақшамыздың күзет және бейнебақылау жүйелері жоспарлы тексерістен өтті. Балалар үшін ең қауіпсіз ортаны қамтамасыз етуді жалғастырамыз.

Байланыс номеріңізді қалдырыңыз, біз сізге хабарласамыз.